
Астанада әріптестерін алдаған әйелге үкім шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Сот материалдарына сәйкес, декреттік демалыста болған әйел бір жыл бойы әріптестерін жүйелі түрде алдап келген.
Ол отбасында қайғылы жағдайлар болғанын айтып, анасының қайтыс болғаны және баласының ауыр хәлде екені туралы жалған ақпарат таратқан.
Әріптестері оның сөзіне сеніп, көмек көрсету мақсатында ақша аударып отырған.
Олар қаражатты отбасылық қиындықтарды шешуге және баланы емдеуге жұмсалады деп ойлаған.
Нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 2 миллион теңгеден асқан.
Сот әйелдің кінәсін мойындауын, шын өкінуін және келтірілген залалды ішінара өтегенін ескерді.
Үкім бойынша оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.



