
Ақтөбе облысында жоғалған 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Дене Елек өзенінен жағадан шамамен 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдікте анықталды.
4-сынып оқушысын іздеу жұмыстары 29 наурыздан басталған болатын.
Бала үйінен шығып, қайта оралмаған.
Іздестіру жұмыстары Сарыжар ауылы маңында ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүргізілді.
«Алғашқы сағаттардан бастап ТЖМ авиациясы жұмылдырылып, үлкен аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берді. Күн сайын сүңгуірлер 30–35 км су айдынын зерттеп, жүзу құралдары арқылы 25–30 км су беті тексерілді. Жаяу топтар 15–20 км жағалау сызығын қарап шықса, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 10–15 км аумақ бақылауға алынды. Сонымен қатар эхолоттар белсенді түрде қолданылды», — делінген мәлімдемеде.



