
Қарағанды облысында мәдениет үйі жанында бала жарақат алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Бұқар жырау ауданындағы мәдениет үйінің маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың қаптамасынан ажырап түскен кірпіш баланың басына тиген.
Зардап шеккен бала дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
Аталған факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, бұл бапқа сәйкес кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған. Сонымен қатар, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру шарасы да қолданылуы мүмкін.



