Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Тоқаев Анталия форумында Иран төңірегіндегі жағдайға пікір айтты

Мемлекет басшысы Түркияда өткен Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Іс-шараны Түркия Парламентінің депутаты, елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы жүргізді.

Панельдік талқылау барысында Президент қазіргі халықаралық жағдайда басты мәселелерге назар аудару қажеттігін айтты.

Оның сөзінше, Таяу Шығыстағы шиеленіс әлемдік экономикаға да елеулі әсер етіп отыр.

«Әлемде орын алған жағдайларға байыппен қарауға кеңес берер едім. Мәселен, бәрі Иранды талқылап жатыр. Әрине, бұл елдегі ахуал өте күрделі. Оған қатысты қандай да бір пікір айту қиын. Қазақстан Шығанақтағы елдерге тілектестігін білдірді. Біз тараптарды стратегиялық ұстамдылыққа және әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырдық. Бұл қақтығыстың ауыр салдарын бәрі сезінді. Ең әуелі экономика құлдырады. Бүгінде Ормуз бұғазында кемелердің еркін жүзуіне қойылған тосқауыл туралы айтылып жатыр. Бірақ дәліздің қақтығысқа дейін еркін сауда жасауға ашық болғанын ескеру қажет. Сондықтан мәселенің мәніне үңілгеніміз жөн. Ал түйткіл ядролық технология мен ядролық қарудың таралуында еді. Бұл Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздердің басты тақырыбына айналуы керек. Бірақ қазір жаһандық сауда мәселесін талқылауға көшіп кеттік. Қиындықтарға қарамастан, ғаламдық сауда-саттық көлемі өсіп келеді. Былтырдың өзінде өсім 2,5 пайызды құрады. Яғни әлемдік саудадағы жағдай жаман емес. Алайда сауда-саттықтың сапасы мен мазмұны – үлкен проблема», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезеңде халықаралық тұрақтылықты сақтау үшін тек саяси емес, экономикалық мәселелерді де жан-жақты қарастыру маңызды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button