Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

17 сәуірде мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді.

Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button