
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі», — делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.



