Әлем жаңалықтары

Трамп АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығаруға ниетті

Фото:Evan Vucci

Трамп АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығаруға ниетті, деп жазды qandastar.kz

20 қаңтарда өтетін инаугурация күні президенттің командасы тиісті шешімді жариялауды жоспарлап отыр. Осылайша дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ең ірі қаржыландыру көзінен айырылуы әбден мүмкін. Бұл туралы The Financial Times жазды. Сарапшылар мұндай қадамның салдары қиын болады деп отыр.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, олардың пікірінше, АҚШ ұйымнан кеткен жағдайда, Еуропа елдерінің қаржыландыру үлесін арттыруы екіталай, ал Қытай өз ықпалын күшейтуге тырысады. Негізі АҚШ аталған ұйымның ең ірі доноры болып саналады. 2020 жылы Дональд Трамп бұл ұйымды Қытайдың ығынан шыға алмай отыр деп айыптап, сол уақыттың өзінде одан шығу бастамасын көтерген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close