Білім

Жасанды интеллектпен жұмыс істеу мектеп қабырғасынан үйретіледі

Фото: ашық дереккөз
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 24 желтоқсанда өткен брифингте Қазақстанда жоғары технологиялық мамандар даярлау үшін балаларды жасанды интеллектпен жұмыс істеуге мектеп қабырғасынан оқыту жоспарланып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, ведомство жасанды интеллект саласындағы мамандарды ғана емес, оқушыларды да оқытуға бағытталған бірқатар білім беру бастамаларын әзірлеуде, деп жазды qandastar.kz

«Біз 3D модельдеу, бағдарламалау, графикалық дизайн және генеративті жасанды интеллект сияқты білім беру салаларының кең ауқымын қамтығымыз келеді. Менің ойымша, жоғары технологиялық және жоғары маржа салаларына мамандар даярлауды мектеп орындығынан бастау керек. Біздің мақсатымыз — білім экономикасын қалыптастыру, қоғамды интеллектуализациялау және кең форматты білім беру бастамаларын құру. Мұндай бағдарламаларды келесі жылы жасанды интеллект орталығында іске қосу жоспарлануда», — деді министр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close