
OpenWeather порталының деректеріне сүйенсек, 21 ақпанда еліміздің ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды qandastar.kz сайты.
Алматыда жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +7 градусқа дейін көтерілсе, түнде +2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы шамамен 4,7 м/с болмақ.
Астанада қар жауады деген болжам ба
Күндіз ауа температурасы -4 градус шамасында болса, түнде -12 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 8,6 м/с-қа жетеді.
Шымкентте қатты нөсер жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +18 градусқа дейін көтеріліп, түнде +5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 14,2 м/с деңгейінде болады.

