
Әлемге танымал Pussycat Dolls тобының солисі Николь Шерзингер өзінің әніне өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Софья Самоделкинаға ерекше ықылас білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әнші спортшының Sunset Boulevard әнімен көрсеткен бағдарламасын атап өтіп, әлеуметтік желіде пікір қалдырды.
2026 жылғы Олимпиадада алғаш рет өнер көрсеткен Софья Самоделкина жалпы есепте 10-орын иеленіп, жеке рекордын жаңартты.
Айта кетерлігі, оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келді.
Жарыс барысында қазақстандық спортшыға қолдау көрсету үшін аренаның өзіне арнайы Михаил Шайдоров пен аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин де келіп, жанкүйер ретінде қолдау білдірді.
Бұл нәтиже – қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың халықаралық аренадағы жаңа белесін айқындаған маңызды жетістік ретінде бағалануда.


