Жаңалықтар

24 жылға сотталған қазақстандық түрмедегілерді теракт жасауға шақырған

Фото: ҚР Ұлттық Ұланы

Ол 2013 жылдан бері адам өлтіру, заңсыз қару сақтау және тонау қылмыстары үшін 24 жылға сотталған.

Жамбыл облысындағы түрмеде радикалды идеологияны насихаттап, лаңкестік әрекетке шақырған сотталушы анықталды, деп хабарлайдыSkifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасақ бөлімшелерімен бірлесіп, жазасын өтеушілер арасында терроризмді насихаттап жүрген 34 жастағы сотталушыны анықтады.

«Ол радикалды идеологияны таратып қана қоймай, терроризм актісін жасауға шақырды, ұсталған Атырау облысының тумасы, 2013 жылдан бері адам өлтіру, заңсыз қару сақтау және тонау қылмыстары үшін 24 жылға сотталған», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close