Жаңалықтар
Қазақстанда киіктер неден қырылып жатыр?

Фото: Үкімет
Экология министрі өңірлерде киіктердің неден қырылып жатқанын айтты, деп жазды qandastar.kz
Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, жануарлардың өліміне ешқандай ауру әсер еткен жоқ.
«Киіктің өмір сүру ұзақтығы 4-5 жыл. Ең көп дегенде 8-10 жыл өмір сүреді. Ауру және ақсақ-тоқсақ киіктер қыстан шыға алмайды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды облыстарында табылған өлекселередің саны 21 400 бас болды. Ең көбі Ұлытау облысында анықталып отыр — 15 мың бас. Ветеринарлық қызмет талдау жүргізді. Ешқандай қауіпті ауру анықталған жоқ. Биыл неге киіктердің қырылғаны көзге көріне бастады? Өйткені биыл саны көп. Табиғи құбылыс жыл сайын киік аналықтары 10% дейін қырылып, қыстан шықпайды. Желтоқсан айында күйлеген еркек киіктер де өледі», – деді министр.
Министрдің сөзінше, Қазақстанда 4 млн бас киік бар. Бұл өте көп. Олардың санын реттеу үшін мамырдың ортасында ғалымдар өз ұсыныстарын жолдауы тиіс деді Нысанбаев.