Жаңалықтар
300-ге жуық: Маңғыстауда өлген итбалықтарының саны күннен-күнге артуда
Фото: Балық инспекциясы
Каспий жағалауына шығып қалған өлі итбалықтардың саны артуда. 24-29 қазан аралығында Гидробиология және экология институты мамандарының айтуынша, Баутино аймағындағы Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген мониторинг кезінде 289 итбалықтың өлексесі табылған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Азамат Сәрсенбаев өлі итбалықтардың ішінде арқанмен тұншықтырудан, балық торы салған дене жарақатымен зорлықпен өлтірілген итбалықтар да бар екенін жазған. Бірақ сондай белгілері жоқ, себептері белгісіз көптеген итбалықтар да бар көрінеді. Тіпті ұрғашыларының көпшілігі құрсақтағы төлдерімен табылған.
Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері, ихтиолог Әсел Баймұқанова жағдайды түсінуге қиналып жатқанын айтты. Ол зерттеуге экологтар, химиктер және технологтар да тартылуы керек деп санайды.
– Олар неге өлді? Әзірге бірдеңе деу қиын. Солтүстік Каспийге келгенге дейін олар сау болды, өйткені төл дамыта алды, бірақ одан кейін бірдеңе болып, өліп қалады, – деп жазды ол.