Әлеумет және қоғам

300 млн долларға сатып алынады — Алатауда әуедегі такси қалықтамақ

Бұл – Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамның бірі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Joby Aero, Inc. (АҚШ), Alatau Advance Air Group Ltd., және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Мақсат – Алатау қаласында әуе такси жүйесін құру, яғни Urban Air Mobility (қалалық әуе мобильділігі) жобасын іске асыру.
Бүгінде 300 миллион АҚШ доллары көлемінде электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу жоспарлануда.
Бұл жоба смарт қалалар мен заманауи көлік технологияларын енгізудің алғашқы үлгісі болмақ
Министр Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл бастама Қазақстанды инновациялық көліктің болашағына жетелеп, Алатау қаласын жоғары технологиялы, ерекше қалаға айналдыруға серпін береді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button