Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

300 мыңға жуық саяси қуғын-сүргін құрбаны ақталды

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты, деп жазады qandastar.kz

«Мемлекеттік комиссия өткен жылдың желтоқсан айында өз жұмысын аяқтады.

Нәтижесінде 600 мың іс құпиясыздандырылып, Президент архивінің жанынан құрылған ХХ саяси репрессиялардың материалдарын зерттеу орталығына тапсырылды. Бір іс кем дегенде 50-60 томнан тұратынын атап өту керек. Біз бір ғасырда жиналған материалдарды дәл сол көлемде 3 жыл ішінде тапсырдық. Қазіргі таңда оларды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Комиссия жұмысының нәтижесінде 300 мыңға жуық адам ақталды. Олар кезінде түрлі себеппен қудаланған болатын. Есептейтін болсақ, жалпы саны 2 миллион болатын құжат жинақталды»,—деді.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі ретінде “Алашорда ісі” деп аталатын 12 томдық жинақ жарық көреді.

Жалпы мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек еткен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close