Жаңалықтар
«600 мың тонна өнім ысырап»: Жамбыл облысында шаруалар ала жаздай еккен қант қызылшасын қайда тапсырарын білмейді
Фото сюжет кадрларынан
Жамбыл облысында шаруалар ала жаздай еккен қант қызылшасын қайда өткізетінін білмей жүр. Айтуларынша, аймақтағы зауыт қабылдауға қауқарсыз. Енді 600 мың тонна өнім ысырап болмақ. Бұл туралы «Stan.kz» ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шаруалардың айтуынша өнім жиналғанмен өткізетін жер жоқ. Меркідегі кәсіпорын алды болса, өнім толы жүк көліктеріне толы.
«Күніге 12-ақ гектар өткізеді екенбіз. Айына 2,5 мың гектардың 360 гектарын ғана. Онда біз 2,5 мың гектарды сегіз ай өткізуіміз керек қой», – деді шаруа қожалықтың басшысы Рабжан Гайнудинов.
Облыс бойынша 600 мың тонна өнім жиналу керек. Қазір Жамбыл, Қордай, Байзақ ауданының шаруалары ауылшаруашылық басқармасының алдында дабыл қағып жүр. Барлығында жауаптылар естісін, ескерсін, дер кезінде демеу болса екен деген тілек бар.
«Бастайын деп тұрмыз. Бір де бір камаз жоқ. Камаздың бәрі Меркіде тұр бес күн болды тұр», – деді олар.
Бұл айтылғандарды әкім орынбасары жоққа шығармайды. Ол үкіметтен жәрдем күтіп отырғандарын жеткізді.
«Ал заңды түрде оған қысым көрсететін біздің мүмкіндігіміз жоқ. Алай бұлай болып қысқарту болып кетіп, тағы зауыт тоқтап қалды деген мәселе болып жатса, Қырғызстанның зауыттарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек.
Меркідегі зауыттың мұнша мол өнімді қабылдауға қауқары болмай отыр. Өңірдегі кәсіпорынмен осы уақытқа дейін кездесу аз болмапты. Шенеуніктер Қырғыз асып жеткізсек те қызылшаны далада қалдырмаймыз деп сендіруде.