Білім

74 жастағы қазақстандық зейнеткер заңгер атанды

Фото: Instagram/proskurinavp

Алматыда тұратын, мектепке дейінгі тәрбие саласының маманы Валентина Проскурина 74 жасында Тараз қаласындағы университеттен заңгер мамандығы бойынша диплом алды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «24kz»арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Валентина Павловнаның алғашқы мамандығы инженер-экономист. Енді ол заң факультетін бітіріп, дипломдық жұмысын «Жеке балабақшалардың қызметін реттеу мәселелері» тақырыбында үздік қорғады, деп жазады Екі жыл бойы ол бірде-бір лекциядан қалмай, заң саласының жаңа қырларын қызығушылықпен меңгерген.

Валентина Павловна білімге деген құштарлықтың жасқа қарамайтынын дәлелдеді. Университет ректорының өзі одан бес жас кіші екені де ерекше жайт. Ректор мұндай жастағы түлекті алғаш рет қабылдап отыр.

«120 жасқа дейін өмір сүргім келеді. Белсенді, бастамашыл, еңбекке қабілетті болып қалғым келеді», – дейді зейнеткер-түлек.

Қазір Валентина Павловна Алматыда тұрып, жұмыс істейді. Ол бухгалтерлік есеп бойынша 20-дан астам кітап пен мақаланың авторы. Тоғыз немере мен екі шөберенің әжесі енді магистратураға түсуді де жоспарлап жүр.

Айта кетейік, алматылық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға дайындық үшін грант иегері атанды.


Көкшектаулық түлек әлемнің 24 университетінен шақырту алды


ҰБТ-дан 140 балл жинаған тағы бір алматылық оқушыға пәтер берілді


Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 83 жастағы Зауза Молдабаева «Күміс университеті» жобасы аясында ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылықты үйренгенін жазған едік. 40 жыл медицинада жұмыс істеген зейнеткер заманнан қалмай, жаңа білімге ұмтылған Жоба тегін, 50 жастан асқандарға арналған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close