Жаңалықтар

Бектібаев: Утильалым болмағанда ЕАЭО-дан автокөліктер бақылаусыз ағылар еді

Фото: Bizmedia.kz

Утильалым жергілікті автоөндірушілерге көмектеспейді, ол ЕАЭО-дан ескі автомобильдерді әкелуді тежейді. Бұл туралы Өнеркәсіп министрлігінің өкілі Әділбек Бектібаев хабарлады.

qandastar.kz шолып шыққандай, петицияны жария талқылау барысында спикер тағы бір ойын ашық ортаға салды.

«Біздің халықтың кем дегенде 80% -ның көлігі жоқ екенін ұмытпау керек. Олар қалыпты қоршаған ортада өмір сүріп, таза ауамен тыныстуға құқылы», – деп атап өтті Бектібаев.

Сонымен қатар ол утильалым болмағанда ЕАЭО-дан автокөліктер бақылаусыз ағылар еді, себебі елдер арасында кедендік шекара жоқ және жеке тұлғалар ҚҚС төлемейді деген пікір айтты. Бұл ретте утильалым тек тежеуші функция ретінде қарастырылып отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close