Жаңалықтар

Алматы әкімі шығарған екі шешімін түсіндірді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала жолдарына қатысты шығарған екі шешімін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өзгерістердің бірі қаланың кей көшелеріндегі жылдамдықты сағатына 80 шақырым көрсеткішіне дейін өсіру, екіншісі — веложол мәселесі. «Бүгін екі шешім қабылдау арқылы қоғамдық пікірталастарға нүкте қойдым.

1) Қаланың негізгі транзиттік магистральдары — әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автожолына сағатына 80 шақырым жылдамдық режимін қайтардық. Бұған қалалық Қоғамдық кеңесінің ұсыныстары мен қала тұрғындарының өтініштері сеп болды. Сондай-ақ қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өлім-жітімді азайту үшін қосымша шаралар қабылдаймыз.
2) Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложол мәселесін ретке келтірдік. Қозғалысы екі жаққа бағытталатын бір веложолды қалдырамыз (Мысалы, Шевченко көшесіндегідей). Екінші веложолдың орнына көлік тұрағын орналастырамыз. Бұл шешім аталған көшелерде орналасқан ШОБ-ты қолдау мақсатында енгізілді. Полиция департаменті мен қалалық мобильді басқармасы, кәсіпкерлік және инвестиция басқармалары қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», — деп жазды қала басшысы Instagram желісінде.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-akm-shyigargan-ek-sheshmn-tusndrd-300449/

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close