Қаржы және төлемдер
Ұлттық банк: Доллар бағамы 500 теңгеге жетті
Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 500,02 теңгеге, Алматыда – 499,28 теңгеге жетті, деп жазады qandastar.kz
ҚР Ұлттық Банкінің 18 қарашадағы ресми бағамы 495,95 теңге деңгейінде белгіленді.
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден сатылып, 495 теңгеге сатып алынуда. Ал Алматыда америкалық валютаны сату 498,77 теңгені, сатып алу – 496,88 теңгені құрайды.
Еске салайық, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айырбас бағамының консервативті болжамы бойынша алдағы үш жылда бюджетте доллар бағамы 470 теңге деңгейінде болатынын жеткізген еді.