Қаржы және төлемдер

Ұлттық банк: Доллар бағамы 500 теңгеге жетті

Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 500,02 теңгеге, Алматыда – 499,28 теңгеге жетті, деп жазады qandastar.kz

ҚР Ұлттық Банкінің 18 қарашадағы ресми бағамы 495,95 теңге деңгейінде белгіленді.

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден сатылып, 495 теңгеге сатып алынуда. Ал Алматыда америкалық валютаны сату 498,77 теңгені, сатып алу – 496,88 теңгені құрайды.

Еске салайық, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айырбас бағамының консервативті болжамы бойынша алдағы үш жылда бюджетте доллар бағамы 470 теңге деңгейінде болатынын жеткізген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close