Бизнес жаңалықтарЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Үкімет ірі кәсіпорындармен келіссөз жүргізбек

 

Премьер-министр Олжас Бектенов Салық кодексінің жобасын қайта жазып, философиясын өзгерту қажет деп есептейді. 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөніндегі кеңесте ол сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтардың пікірін ескеру қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Үкімет басшысы өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін беруді көздейтін бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуді тапсырды.

Ең төменгі жалақы жаңаша есептелуі мүмкін
Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіс-тәсілмен есептелуі мүмкін. ҚР Кәсіподақтар федерациясы мәліметінше, егер жұмыс берушілер жалақыны 7-10%-ға көтереміз десе, бұл – шын мәнінде индекстеу. Ол – айлықты көтеру деген сөз емес. Кәсіподақтар федерациясы индекстеуді заңнамалық тұрғыдан реттеуді талап етеді. Бұл – әлемдік тәжірибе.

Елімізде ең төменгі жалақы ұзақ уақыт бойы 24 мың теңге, 2020 жылдан бастап 42 мың теңге, содан кейін 60 мың теңге болды. Ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі болған жоқ. Халықаралық еңбек ұйымы мақұлдаған индекс бар. Мысалы, Үкімет Қазақстанда орташа жалақы 300 мың теңге деп мәлімдесе, онда ең төменгі жалақы осы соманың 50%-ы болуы тиіс.

Tech Girls бағдарламасы іске қосылды
Жаңа бағдарлама қыз-келіншектердің цифрлық білімін арттыруға арналған.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мәліметінше, бағдарлама ұлттық комиссияның, Astana Hub халықаралық технопаркі және Techno Women қауымдастығының бастамасымен жүзеге асып жатыр.

Бағдарламаның мақсаты – қыздардың цифрлық білімін арттыру, кодсыз және төмен кодты бағдарламалау негіздерін үйрету және қыздарды STEM-ге тартуға ықпал ету. Сондай-ақ бағдарлама аясында қыздар мансапты жоспарлау, құру, сұхбаттан өту және өздері армандаған жұмысқа тұру туралы білім алады. Бұл онлайн режимде өтетін тегін бағдарлама және 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close