Жаңалықтар

 «Қазақстан орыстанып барады дейді, байқайыншы деп келдім»: Оралман қыз неге елге келгенін айтты

Фото: видео скрин

ТикТок желісінде Қазақстанға қоныс аударған оралман қыздың ойы көпті тебірентті, деп жазады qandastar.kz

«1993 жылы Павлодарға көшкенімде «Қайдан келдің, неге келдің, неге Моңғолияны тастадың?» деп сұрақтың астына алғандар болды. Сол сұрақтар қойылғанда  атажұртын аңсап алғашқылардың бірі болып жеткен журналист Бекен Қайратұлының «Атамекенге неге келдім?»  өлеңімен жауап беретін едім.

Жан мұңымды айтайыншы деп келдім,

Қазақ күйін тартайыншы деп келдім.

Қазақстан орыстанып барад дейді,

Рас па екен байқайыншы деп келдім.

Алтын Ордам көрейінші деп келдім,

Қолым ұшын берейінші деп келдім.

Шетте тудым, шетте өстім, ағайын,

Дәл ортаңда өлейінші деп келдім», – деді оралман қыз.

Оның айтуынша, осы өлең бар сауалға қалқан іспетті болған.

Айта кетейік, 2024 жылғы жағдай бойынша 4 351 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралған.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан , 3,7% – Ресейден және 1,5% басқа елдерден.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close