Тіркеуге тұру

Тұрғылықты жер бойынша тіркелу және баланы тіркеу

Тіркелудің жоқтығы сол немесе өзге де себептер бойынша азаматтың билік органдарымен, банктермен, медициналық және өзге де ұйымдармен кез келген өзара байланысты қиындататыны барлығымызға мәлім. Бірінші кезекте бірінші маңызды құжатты – жеке куәлікті немесе төлқұжатты алуда қажет. Қалай тіркелу немесе бұрынғы тұрғылықты жерден қалай тіркеуден шығу керектігі және жаңа үлгідегі жеке куәлікпен осының барлығын еш қиындықсыз қалай жасауға болатыны туралы сұрақтарға жауаптарды төменнен табасыз.

Қазақстан Республикасының азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркелуі

«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары және Қазақстан республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы№1427 қаулысына сәйкес, ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау) мен қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын растайтын, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін құжаттардың негізінде, сондай-ақ тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, тіркеуге ұқығын растау үшін құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді көші-қон қызметінің уәкілетті қызметкері меншік иесінің ЖСН бойынша Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорынан алады.

Тіркеу:

  • тұрғын үйлер мен пәтерлерде;
  • бағбандық серіктестіктер мен кооператвитердің  саяжай құрылыстарында;
  • демалыс орындарында, жатақханаларда, қонақүйлер мен емдеу-сауықтыру орталықтарында, интернаттар мен қарттар үйлерінде және қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Осылайша, өз тұрғын үйі болмағанда, жалданған тұрғын үйде, сондай-ақ, жатақхана болған жағдайда, жұмыс орны бойынша  тіркелуге болады.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО), сондай-ақ  электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Порталға жүгінген кезде, өзінің және тіркеуге келісім берген тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салуды жолдау қажет.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі тұрғылықты дері бойынша тіркеу туралы хабарлама түрінде «жеке кабинетке» жолданады. Бұл ретте, хабарламаны алған күннен бастап он күндік мерзімде жеке куәліктегі заңды мекенжайын қайта жазу үшін электрондық тасымалдағышпен мемлекеттік корпорацияға келу қажет.

Сонымен қатар электронды үкімет порталында «16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметі қолжетімді.

Осы көрсетілетін қызметті алу үшін «Онлайн сұрау» түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда баланың ЖСН, келу мақсаты, тіркелу себебі және ол баланы тіркеуге ниет білдірген тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.

Егер жылжымайтын мүліктің меншік иесі өтініш беруші болып табылса, онда оған өз өңірін немесе мекенжайдың тіркеу кодын (РКА) көрсету және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қою қажет.

Егер де өтініш беруші – жылжымайтын мүлік иесі болса, ол өңірді және мекенжайдың тіркеу кодын (РКА) көрсетуі тиіс, содан соң ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс.

Егер де тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет (егер де тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, олардың біреуінің ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғандары жүйемен ҚР «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталатын болады). Меншік иесі (біреу немесе бірнешеуі) өзінің келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған өзінің сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет.

Осыдан кейін, өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оның өңделуіне 10 минуттан аса емес уақыт кетеді. Өңделіп болған соң, порталда мәртебесі көрсетіледі. Мекенжай анықтамасын ала отырып, тіркелу мекенжайын тексеруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  (ХҚКО) тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін жүгінген  кезде, Сізге мынадай құжаттар қажет болады:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (16 жасқа толмаған балалар үшін – туу туралы куәлік);
  2. Тұрғын үй иесінің немесе сенім білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжат. Бұл ретте жүгінген адамды өз тұрғын үйінде тұрақты тіркеуге жазбаша келісім беру үшін тұрғын үй иесінің немесе сенім білдірген адамның жеке қатысуы талап етіледі. Қызметтік жайларда немесе ғимараттарда тіркелген кезде ұйым (мекеме) әкімшілігінің  тіркеу туралы өтінішхаты қажет.

Тұрғын иесін  оған тиесілі тұрғын үйде тіркеген кезде, оның тіркеуге жазбаша келісімі тапал етілмейді.

Бұл ретте, қолдарында электронды тасымалдағышпен- чиппен жаңа үлгідегі жеке куәліктері бар азаматтар  басымдыққа ие болады, өйткені, азамат тұрғылықты жерін өзгерткен кезде жеке куәліктің өзін өзгертусіз,  оның жеке куәлігінің микросхемасында қорғалған түрде сақталатын заңды мекенжайды қайта жазу ғана жүргізіледі.

Балаларды тіркеуге құжаттарды олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері  береді.

Кәмелетке толмаған балаларды Сіз туу туралы куәлікті не Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (болған жағдайда) ұсынып, тұрғылықты жер бойынша жалпы негізде тіркей аласыз.

Қажетті құжаттар тізбесін электрондық үкімет порталында немесе «Азаматтарға арналғн үкімте» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ақпараттық кестесінде алуға болатынын еске саламыз.

Ұақытша болу (тұру) орны бойынша тіркелу шарттарымен Сіз «ҚР Азаматтарын уақытша болу (тұру) жері бойынша есепке алу (тіркеу)» мақаласында таныса аласыз.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close