Тіркеуге тұру
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2019/10/Без-названия-7.jpg)
Қазақстан Республикасы азаматтарын жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде, бұрын тіркелген бойынша тіркеуден шығару ақпараттық жүйеде бір уақытта жүзеге асырылады (автоматты түрде).
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару: республика шегінен тыс тұрақты тұруға кеткендер, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп танылған азаматтар үшін, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуден шығару үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- Тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
- Тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректерін көрсете отырып, еркін нысанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы өтініші.
- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (меншік құқығын растау үшін).
- Паспорт, туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі балаларға) – жеке басты сәйкестендіру үшін; жеке куәлік (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін) – республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға.
- Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсат беру туралы анықтамасы (республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға).
- Тұрғын үй жайды пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі (сот шешімі бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде).