Жаңалықтар

Қандай меморган мекенжай анықтамасын талап ете алады

Енді ешбір мемлекеттік орган немесе жеке жұмыс беруші азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды.

«Бүгін халыққа мекенжай анықтамасы қандай жағдайда талап етілетінін түсіндіру үшін жиналып отырмыз. Егер мемлекеттік орган туралы айтар болсақ, орталық мемлекеттік органдар немесе облыстық, аудандық бөлімшелер деңгейінде бұл мәліметтер (мекенжай анықтамасы- авт) қолжетімді. Жұмыс беруші мұндай жағдайда жұмысқа тұрғысы келген азаматтан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды. Егер мәселе жеке тұлғада болса, ешбір еңбек заңнамасында мекенжай анықтамасын алып келу туралы талап жоқ. Яғни, бұл жерде мәселе азаматтың жұмысқа тұрар кезде өзінің қайда тұратынын нақты жазып бере алуымен шектеледі», деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте.

Әріптесінің сөзін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов та растады.

«Мекенжай анықтамасын мемлекеттік деңгейде алынып тасталды. Яғни, барлық жұмыс берушілер азаматтарды жұмысқа алу тәртіптерін қайта қарауы керек», — деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева елімізде мекенжай анықтамасы 1 қарашадн бастап жойылатынын мәлім еткен еді.

Дереккөз: inform.kz

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close