Әлем жаңалықтары
Прагада қазақстандық қыз жоғалды: оны соңғы рет хостелде көрген

Фото:скрин
Чехияда Қазақстан азаматы Ульяна Радина із-түзсіз жоғалып кетті. Ол 16 ақпаннан бері байланысқа шықпаған, қайда екені белгісіз. Туыстары оны көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін адамдардан көмек сұрайды, – деп хабарлайды qandastar.kz Salempraha Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Ульяна соңғы рет Прагадағы Capsule Hostel Anděl-де (Врчликехо 288/14) ғимараттың екінші және соңғы қабатында көрінген. Содан кейін оның ізі мүлде жоғалған.
Қызбен байланыс кенет үзілген – телефоны сөндірулі, хабарламаларға жауап бермейді, ал банк картасы мүлде пайдаланылмаған. Оның жоғалғанынан бері бірде-бір қаржылық транзакция тіркелмеген.
Туыстары мен таныстары Ульяна туралы кез келген ақпаратқа ие адамдардан көмектесуді сұрайды. Анасының нөміріне +7 777 225 2555 хабарлассаңыздар болады.