Әлем жаңалықтарыБизнес жаңалықтарЖаңалықтар

СУТЕГІМЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІКТЕР

 

Әлемде 26 миллионнан астам электрокөлік бар екен. Бұл Халықаралық энергетика агенттігінің дерегі. Және бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 80 миллионға жетуі мүмкін.
Тек тоқпен емес, қазір сутегімен жүретін көліктер де сұраныста. Мәселен, көлік өндіруде жетекші мемлекеттің бірі — Оңтүстік Корея 2040 жылға қарай сутегімен жүретін көлік санын 6,2 миллионға жеткізуді көздеп отыр. Сумен жүретін көліктер қолданысқа әлі толық енген жоқ. Бірақ ондай көліктің үлгісі жасалды. Көлік нарығында төңкеріс жасағысы келетіндер көп. Көліктердің жерде емес, көкте кептелісте тұратын күні де алыс емес. Болашақтың көлігі қандай болмақ? Жанармаймен жүретін автокөліктерді электрлік емес, сутекті қозғалтқышы бар көліктер алмастыруы бек мүмкін. 2015 жылы Жапонияның «Тойота» компаниясы сутегімен жүретін алғашқы автокөлікті жасап шығарды. Сол жылдың өзінде 400-ге жуық көлік сатылған. Көліктің аты — Мирай. Жапон тілінен аударғанда «Болашақ» дегенді білдіреді. «Басты ерекшелігі: бір қуатталғаннан соң 650 шақырымға жуық жол жүре алады. Бұл тоқпен жүретін көліктен 3 есе артық жүреді», — дейді сарапшылар. Ёшикадзу Танака, инженер: — Сутек улы көмірқышқыл газын бөлмейді. Біз қоршаған ортаны барынша ластамау үшін, осындай тиімді жолын қарастырдық. Ол жүзеге асты. Мұндай көлік сутегі мен оттегіні сіңіріп, электр қуатына айналдырады. Осылайша, оны қуаттауға уақыт жұмсалмайды. Соңғы кездері сутекті қозғалтқышы бар көліктер Жапония, Корея, АҚШ және Қытайда белсенді түрде енгізіліп жатыр. Сумен жүретін көліктер Швейцариялық nanoFlowcell компаниясы 2 жыл бұрын теңіз суымен жүретін көлік құрастырды. Бұл — Quantino twentyfive электр көлігі. Тіпті қуаттауды қажет етпейді. Төрт орынды спорттық көлік, небәрі 5 секундта сағатына 0-ден 100 шақырымға қозғалады. Ең жоғары жылдамдығы сағатына 200 шақырым. Көлік сұйық аккумулятормен жабдықталған. Ол кәдімгі тұзды теңіз суы негізінде дайындалған. Әуедегі таксилер 26 жылдан бастап адамзат діттеген жеріне әуе таксилерімен жетуі әбден мүмкін. Бұған Германиялық Volocopter компаниясы 2 жыл бұрын уәде берген еді. Өйткені көлік барлық талапқа сай. Дубайда өткен сынақ кезінде, әуе таксиі 5 минутта 200 метр биіктікке көтерілген. Кабинаға екі адам сияды және олардың қауіпсіздігі үшін арнайы парашюттер мен 9 қосымша қуаттағыш орнатылған. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай әуе таксиі Дубайдағы қоғамдық көліктердің төрттен бірін құрайды. Мұндай таксиді смарфондарға арналған қосымшалар арқылы шақыруға болады. Міне, осылайша қиял-ғажайып фильмдерде көрсетілетін көліктер шындыққа айналмақ.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close