Жаңалықтар
«Бауырым 45-ке келді»: Қуандық Бишімбаевтың әпкесі желіде жантебірентерлік жазба жариялады

Экс-шенеунік, былтыр азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев туралы жаңа ақпарат тарады, деп хабарлайды qandastar.kz
Әпкесі оны туған күнімен құттықтап, желіде жантебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Аружан Бишімбаева желіге бауырын туған күнімен құттықтап, видеожазба қалдырған.
Ол онда: «Бауырым бүгін 45-ке келді. Сұмырайлар мен сатқындардың әрекетін қасқайып тұрып қарсы алатын денсаулық тілеймін. Әділдік орнасын.
Бүгінде оны бәрі зұлым етіп көрсетіп отыр. Бірақ уақыт келе оның ниеті таза емес жандардың құрбаны болғанын білетін болады» деген қысқа ғана жазба қалдырған ол.
Десе де, бейнежазбада Қуандық Бишімбаевтың жас күніндегі ел басқарған кезіндегі фотосуреттерін көруге болады. Көпшілік жазбаға орай, желіде түрлі пікірлерін жазып жатыр. Олар әпкесі мен бауыры бір-біріне сай екенін айтуда.