Жаңалықтар
Астанадағы JLO концертінде күзетшілер көтеріп алып шыққан әйел шендінің жұбайы болып шықты

Фото: Видеодан скрин
Астанадағы Дженнифер Лопестің концертінде стадионда адамдар көп жиналғаннан қысым болып, бір секторда әйелдер арасында жанжал туындады, деп жазды qandastar.kz
Ең белсенді қатысушыны күзетшілер қолмен көтеріп алып шыққан еді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күзетішілер көтеріп алып шыққан әйел Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Думан Қожахметовтың жұбайы болып шықты. Ол Vip-zona бөлігінде тұрған өзі секілді қонақтарға кедергі келтіріп, артынша бірнеше әйелдің арасынша жалжалға ұласқан. Төбелес шығарушыны күзетшілер көтеріп алып шыққан.
Зарина есімді әйел бес баланың анасы. Әйел Instagram желісінде концерттен алған әсерімен бөлісіп, «Концерттен ерекше рахат алдым» деп жазыпты.
Еске салайық, 1 тамыз күні Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде қазақстандық Мадияр Мулдашев әлемдік жұлдызға үш дана раушан гүлін сыйлап, желіде қызу талқыға түсті. Сахнада ән салып тұрған Лопес қарапайым гүл шоғын жылы қабылдап, көпшіліктің көңілін жаулады. Әлеуметтік желі қолданушылары әртістің қарапайымдылығына риза болып, “бастысы ниет” деп қолдау білдірді. Ал Мадияр үш тал гүл таңдауының себебін “Үлкен гүл шоқтары мыжылып қалуы мүмкін деп, ықшам әрі жеңіл гүл алдым” деп түсіндірді.