Жаңалықтар

Қазақстандық бойжеткен белгілі банк қызметкерлерін интимдік суретін таратып жіберді деп айыптады

Фото: rizing.com

Қазақстандағы ірі қаржы ұйымдарының бірі саналатын банктің қызметкерлері тұтынушының интимдік суретін сақтап жүрген, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған жағдайды қазақстандық Threads желісінде жазды. Ол интимдік суретін қызметкерлердің сақтап жүргенін банкке барған соң білген.

«Олар ешкімге жақ ашпауым үшін 2,3 миллион теңге төледі. Бірақ жеке деректердің тарап кеткенін мойындамады. Материалдарды Бас прокуратураға, Комитетке және Бұқаралық ақпарат құралдарына бердім. Енді банктің интимдік суретімді не себепті сақтап жүргенін қазақстандықтарға қалай түсіндіретінін көрейік», – деп жазды қыз.

Аталған жағдайға банк тарапы пікір білдірген. Олар клиент деректерін ешқашан таратпайтынын, дербес деректер туралы заңды сақтайтынын жеткізген.

«Сіздің банкке, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және Гид чатына жолдаған, жеке суреттеріңіздің түсірілуі мен таралуына қатысты барлық өтініштеріңізді қарады. Қайта хабарлаймыз: Банк жеке деректерді тек банк қызметтерін көрсету және шарттарды орындау мақсатында жинайды. Біз Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңын қатаң сақтаймыз. Біз заманауи криптографиялық қорғау шараларын қолданамыз. Клиент деректерін үшінші тұлғаларға бермейміз және фотосуреттерді визуалды түрде сақтамаймыз. Тұлғаның векторлық бейнесі ғана пайдаланылады. Ол тек клиентті сәйкестендіру үшін қолданылады. Бұл деректерді және сервистерге қолжетімділікті қорғауға арналған маңызды қауіпсіздік шарасы», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ банк клиенттің өтініші бойынша мұқият тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

«Коллекторлық ұйым қызметкерлерінің әдепсіз қарым-қатынас жасағаны расталды. Қазір жағдай реттелді, сізге моральдық зиян үшін өтемақы төленді. Егер сіз қабылданған шешіммен келіспесеңіз, сотқа немесе басқа да уәкілетті органдарға жүгінуіңізге болады», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close