Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

КҚК жұмысы толық тоқтамайды: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мұнай қабылдау жалғасып жатқанын және жағдайдың тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, дейді Qandastar.kz.

Ведомствоның мәліметінше, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК қызметі толық тоқтатылуы мүмкін деген ақпарат жарияланғанымен, қазіргі таңда мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ.

Министрлік 31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтатылғанын, алайда жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау мен резервуарлар паркін толтыру жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ 1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаға дейін жеткені айтылды. Ал тасымал көлемін одан әрі арттыру теңіз терминалында танкерлердің уақытылы тиеуге қойылуына байланысты болмақ.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста жұмыс істеп жатқанын, ал жағдайдың толық бақылауда екенін жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button