Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай ел президенті Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында бұл мереке Швейцарияның бай тарихи мұрасын, демократиялық құндылықтарының беріктігін және бейтараптық ұстанымына адалдығын айқын көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ президент Қазақстанның Швейцариямен қалыптасқан достық пен өзара құрметке негізделген жан-жақты серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Ол екі ел арасындағы сауда, инвестиция, қаржы және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланға жауапты қызметінде табыс тілеп, Швейцария халқына бейбітшілік, бақ-береке және өсіп-өркендеу тіледі.


