Ыстықтан қорғанудың ерекше жолы: Желіде арқасына «душ» асып жүрген ер адамның видеосы тарады, дейді Qandastar.kz.
Әлеуметтік желілерде жаздың аптап ыстығында ерекше әдіс тапқан тұрғынның видеосы қызу талқылануда.
Видеодан көрінгендей, ол арқасына су құйылған арнайы ыдыс пен үстіне су шашып тұратын душ қондырғысын бекітіп алған. Көшеде бара жатқан бойда үстінен су ағып, аптап ыстықтан өзін осылай салқындатып жүр.
Көшедегі өтіп бара жатқан куәгерлер мен өзге тұрғындар бұл көрініске таңғалысын жасыра алмай, оны телефондарына түсіріп алған. Желі қолданушылары бұл креативті шешімге тәнті болып, ер адамның тапқырлығын жоғары бағалап жатыр.
@asylkubanbekova



