Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Сербияға жұмысқа барған қазақстандық қыз көз жұмды

Сербияға жұмыс істеуге барған қазақстандық қыздың қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Марқұмның әкесі 29 шілде күні әлеуметтік желіде қызының хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған болатын. Алайда келесі күні оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға Сербия астанасы Белград қаласында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, қазақстандық қыз көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы ресми түрде жарияланған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button