Әлеумет және қоғамБілімЖаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік грантын 550 шетелдік талапкер жеңіп алды

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" шетел азаматтары мен Қазақстан азаматтығы жоқ этникалық қазақтарға арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама жеңімпаздарын анықтады. 2026–2027 оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін 550 талапкерге мемлекеттік грант берілді.

Шетелдік талапкерлерге арналған мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетел азаматтары мен Қазақстан азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама бойынша конкурстық іріктеуді аяқтады.

Конкурс нәтижесінде 2026–2027 оқу жылына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік грантқа 550 шетелдік талапкер ие болды.

Орталықтың мәліметінше, грант иегерлерінің негізгі тізімі бекітіліп, ресми түрде жарияланған. Бағдарлама шетелдік студенттер мен этникалық қазақтарға Қазақстан университеттерінде жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ғалымдардың Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының біріндегі зертханаларды пайдалану мүмкіндігіне ие болғаны хабарланған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button