Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Семейде құрылыс кезінде адам сүйектері табылып, жұмыстар тоқтатылды

Семейдегі бұрынғы "Пищевик" стадионы аумағында құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды. Оқиғадан кейін жұмыстар уақытша тоқтатылып, табылған сүйектер сараптамаға жіберілді.

Семей қаласындағы бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабарлады.

Бұл туралы алғаш болып жергілікті ABAI NEWS желілік басылымына қала тұрғыны хабарлаған. Оның айтуынша, сүйектер жер қазу жұмыстары барысында анықталған.

Оқиғадан кейін 31 шілде күні құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. Қалалық әкімдік оқиға бойынша тиісті тексеру жүргізіп, оқиға орнына фактіні тіркеу үшін полиция қызметкерлері шақырылды.

Әкімдіктің мәліметінше, табылған сүйектер арнайы сараптама жүргізу үшін криминалистерге тапсырылды. Құрылыс жұмыстары барлық қажетті процессуалдық шаралар аяқталып, құзырлы органдардың рұқсаты алынғаннан кейін ғана қайта жалғасады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button