Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Талдықорғанда TikTok-та бейәдеп сөз айтқан тұрғынға айыппұл салынды

Талдықорғанда TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзған 44 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынып, полиция интернеттегі заң бұзушылықтарға бақылау жалғасатынын мәлімдеді.

Талдықорғанда әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында қоғамдық әдеп нормаларын бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабарлады.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Кезекті мониторинг барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған 44 жастағы Талдықорған тұрғыны анықталды.

Тексеру нәтижесінде оның бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, ол заң талаптарын қайта бұзған.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен азаматқа әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция интернет кеңістігіндегі заң бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын ескертті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button