Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСаясат

Тоқаев Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды ұсынды

Омбыдағы кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатып, Стамбұл форматына қайта оралуды ұсынды. Сондай-ақ ол Қазақстанның бұл мәселеде делдал болмайтынын және Ресейге де делдалдардың қажеті жоқ екенін айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта жандандыруды ұсынды, дейді Qandastar.kz сайты.

«Менен пікір сұраған соң, өзімнің қарапайым ойымды айтайын: бәлкім, бұл қақтығысты уақытша тоқтатып, Стамбұл формуласына қайта оралған жөн шығар», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстанның бұл мәселеде делдал рөлін атқаруға ниетті емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресейге де бұл мәселеде сыртқы делдалдардың қажеті жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button