Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтағанын жариялады

34 жастағы бразилиялық шабуылшы Неймар ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол Бразилия сапында 130 матч өткізіп, 80 гол және 59 нәтижелі паспен ел футболы тарихындағы үздік көрсеткіштердің иесі ретінде қоштасты.

34 жастағы бразилиялық шабуылшы Неймар Бразилия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты TNT Sports Brasil порталына сілтеп хабарлады.

Футболшы бұл туралы Оңтүстік Америка кубогының 1/16 финалында «Сантос» венесуэлалық УСВ клубын 4:2 есебімен жеңгеннен кейін айтты.

«Ұлттық құрамадағы жолым аяқталды. Осы жылдар ішінде ел намысын қорғап, тарихтың бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын. Көп нәрсені бастан өткердім, әр матчта бар күшімді салдым. Бірақ енді ұлттық құрамадағы мансабымды жалғастырғым келмейді», – деді Неймар.

Неймар үшін Бразилия сапындағы соңғы ірі дода 2026 жылғы әлем чемпионаты болды. Ол турнир барысында екі матчқа қатысып, пенальтиден бір гол соқты.

Жалпы Неймар ұлттық құрама жейдесінде 130 матч өткізіп, 80 гол және 59 нәтижелі паспен Бразилия тарихындағы ең үздік сұрмерген әрі ең көп ассист жасаған ойыншы ретінде мансабын аяқтады.

Back to top button