Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Өскеменде әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз 20 шақырым жерден ұсталды

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімнен өз бетінше кетіп қалған мерзімді әскери қызметші облыс орталығынан 20 шақырым жерде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынғандықтан бөлімнен кеткен.

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен өз бетінше кетіп қалған мерзімді әскери қызметші ұсталды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Әскери полициясының бас басқармасына сілтеме жасап Qandastar.kz хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қатардағы жауынгер А.Е. Мархан әскери полиция қызметкерлерінің күшімен облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерде табылып, әскери полиция бөліміне жеткізілген. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп, қызмет орнын өз бетінше тастап кетудің себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметші үйін сағынғандықтан әскери бөлімнен кеткен.

Сондай-ақ тексеру барысында сарбаз командирлер немесе бірге қызмет ететін әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қайшы әрекеттер мен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын айтқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button