Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Wildberries-ке ерекше жеңілдік болмайды: сауда министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Wildberries компаниясының ел аумағында жаңа қойма кешенін орналастыруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Wildberries-тен Қазақстанда қосымша қойма салу немесе көшіру мәселесі бойынша ресми өтініш түспеген. Егер мұндай ұсыныс келіп түссе, ол қолданыстағы заңнамаға және ұлттық мүдделерге сай қаралады.

Министрлік халықаралық компаниялардың инвестициялық жобалары ең алдымен Қазақстан экономикасына пайда әкелуі тиіс екенін атап өтті. Атап айтқанда, мұндай бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және отандық кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етуі қажет.

Сондай-ақ ведомство Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары екенін айтып, заманауи қойма инфрақұрылымын дамыту мен трансшекаралық электрондық сауданы қолдайтынын жеткізді.

Министрлік тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері Қазақстан заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Сондықтан нарықтың жекелеген қатысушылары үшін ешқандай ерекше жеңілдіктер немесе арнайы талаптар қарастырылмайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button