Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Песков Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысына жауап берді

Кремль өкілі Дмитрий Песков Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтату туралы ұсынысына пікір білдірді. Оның айтуынша, Ресей әскери әрекеттерді тоқтатудың басты шарты ретінде өз мақсаттарына қол жеткізуді атады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтату туралы ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Песковтың айтуынша, Омбыда өткен кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путин Тоқаевқа майдандағы жағдай туралы жан-жақты мәлімет берген. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда әскери іс-қимылдарды тоқтату мүмкін емес, өйткені бұл Киевтің ұстанымына байланысты.

«Әскери қимылдарды тоқтатудың шарттары белгілі. Егер Киев қажетті шешімдерді қабылдаса, онда бәрін бір тәуліктің ішінде тоқтатуға болады», – деді Дмитрий Песков.

Сондай-ақ Кремль өкілі Ресейдің әскери операцияны тоқтатуының негізгі шарты туралы сауалға жауап берді.

«Басты шарт – алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатып, келіссөздерге қайта оралуды ұсынған болатын. Сонымен қатар ол Қазақстанның бұл мәселеде делдал болуды жоспарламайтынын және мұндай рөлден үзілді-кесілді бас тартатынын мәлімдеген еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button