ДенсаулықЖаңалықтар

ChatGPT-ден көмек сұраған шымкенттік өлім аузынан қалды

Жасанды интеллект адам өміріне қауіпті ем жүргізді. 34 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ChatGPT-дің көмегіне жүгініп, дертін асқындырып алыпты. Бұл туралы «Түскі формат» бағдарламасында Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов айтты деп жазды qandastar.kz
– Жақында маған 34 жастағы науқас келді. Қолында барлық анализдері бар. Бауыр циррозымен ауырады екен. ChatGPT-ге ауруханадан алған барлық қағаздарын жүктеген, ал ол бұған ем жазып берген. Ер адам сол емді бір ай бойы қабылдаған. Біз қарап шығып, олай емделуге болмайды, мүлде дұрыс емес. Тіпті, денсаулығына қауіпті ем қабылдағанын ер адамға әрең түсіндірдік. Қазір осы жасанды интеллектпен емделіп жүрген қаншама науқастар болуы мүмкін. Осы бізді алаңдатып отыр”, – деді дәрігер Бақытжан Позилов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button