Жаңалықтар

Астанада бір тәулік бұрын жоғалған 14 жастағы жасөспірім қыз өлі табылды

Қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы politico.kz ақпараттық агенттігіне сілтеп.

Полиция қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

24 қараша күні желіде 2011 жылы туған мектеп оқушысының кешкі 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлама тарады.

Қыздың анасы полицияға хабарласып, баласының байланысқа шықпай жатқанын айтқан.

Оны іздеуге барлық күштер жұмылдырылды.

Қалалық полиция мәліметінше, іздестіру шараларының нәтижесінде оқушының денесі өзеннен табылды.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — дейді департаменттегілер.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button