Жаңалықтар

«Балалармен көрісуге тыйым салды»: Астанада ер адам бұрынғы әйеліне қарсы сотқа жүгінді

Астанада ер адам бұрынғы жұбайын сотқа берді. Оның айтуынша, бұрынғы әйелі ажырасқаннан кейін және мүлікті бөлуге қатысты даулардан соң балаларымен қатынасын шектей бастаған, деп жазады qandastar.kz сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Елордада Б. есімді азаматтың Г.-ға қарсы «Балалармен қарым-қатынас тәртібін белгілеу» жөніндегі азаматтық ісі қаралды. Тараптар некені бұзған соң бірқатар келіспеушіліктер пайда болған, оның ішінде мүлікті бөлу мәселелері де бар.

«Жанжал аясында анасы әкесінің балалармен кездесуін шектей бастаған. Бұл жағдай әкені алаңдатып, ол кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне қатысу құқығы бұзылып жатыр деп есептеген. Өз құқығын қорғау мақсатында ол қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жүгінген», – делінген хабарламада.

Тиісті ргандар бұл мәселе бойынша арнайы тексеріс жүргізіп, әкеге балалармен қарым-қатынас графигін ұсынған. Алайда, ұсынылған шарттар тараптарды қанағаттандырмағандықтан, іс сотқа жеткен.

Сотта медиация рәсімдері өткізіліп, әлеуметтік-психологиялық зерттеу тағайындалған. Сарапшылардың қорытындылары, психологтың ұсыныстары және балалардың пікірі ескерілді.

«Медиация нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге қол қойды. Онда баланың мүддесіне сай келетін, нақты және теңгерімді қарым-қатынас графигі белгіленді», – делінген хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button