БілімЖаңалықтар

Депутат жауабы: ЖИ дәуіріндегі балалар эмпатияны роботтан үйрене ме?

Депутат Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің балаларға әсерін талдады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

«The Economist журналы жариялаған зерттеулерге сәйкес, жасанды интеллект (ЖИ) тек экономиканы, саясатты және жұмыс саласын ғана емес, балалық шақты да түбегейлі өзгертіп жатыр. Қазіргі заманда ЖИ қосылған қуыршақтар балалармен сөйлесіп, репетиторлар цифрлық форматқа көшуде. Кейбір елдерде балалар достарына қарағанда чат-боттармен көбірек сырласатын болған», — деп жазды ол facebook парақшасында.

Депутат  балаларға шынайы қарым-қатынастың маңызын атап өтті.

«Сондықтан балалар шыдамдылықты, эмоцияны түсінуді,  пікірін қорғауды тек бір-бірінен үйренуі керек. Кітап оқу, пікірсайыс және өзін-өзі басқару сияқты мектеп жобаларының маңыздылығы ЖИ дәуірінде одан да арта түседі. Эмпатияны, достықты және кешірімді балалар бәрібір бір-бірінен «алу керек», – деді депутат.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button