Жаңалықтар

БЕЙЖІҢДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШЫҰ ДЕҢГЕЙІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Бейжіңде экологиялық қауіпсіздік Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деңгейінде талқыланды. Қазір Қазақстан ұйымға төрағалығы аясында осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетуге күш салып жатыр.

Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкілқытайлық қоршаған ортаны қорғау федерациясы, экожобаларды жүзеге асырушы компаниялар мен бақылаушы елдердің өкілдері қатысты.

Қазақстан ынтымақтастық орнату жөнінде келісім жасау мәселесіне мән берді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің экологияға жауапты ведомство жетекшілерінің 5-кеңесін мамыр айында Астанада өткізу жоспарда бар.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close