Астанада республикалық «Үлгілі жүргізуші – 2025» акциясы өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл акция жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтарда жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға, жол қауіпсіздігі барлығы үшін ортақ жауапкершілік екенін көрсетуге бағытталған.
Осы орайда жол қозғалысы ережелерін бұзбайтын жүргізушілерді марапаттауға ерекше назар аударылды.
Елордалық полиция департаментінде 11 жыл бойы бірде-бір құқық бұзушылық жасамаған елорданың 72 жастағы тұрғыны марапатқа ие болды.
Зейнеткерге алғыс хат, сыйлық сертификаты және естелік сыйлық табысталды.



