Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qandastar.kz тілшісі.
Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты депутаттық мандатынан айырылды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оның парламенттегі белсенді қызметіне алғыс айтып, жаңа лауазымында сәттілік тіледі. Оның айтуынша, Ергешбаев депутаттармен тығыз жұмыс істеп, маңызды мәселелерді көтерген.
Айта кетейік, 8 мамыр күні мемлекет басшысы Мұрат Ергешбаевты Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.



